Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

ҚХА журналистер клубының алаңында этносаралық келісімнің өзекті мәселелері талқыланды

28-11-2023, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Алматыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті сақтау және толеранттылықты нығайтудағы бұқаралық ақпарат құралдарының күш-жігерін біріктіруге бағытталған көшпелі отырысы өтуде.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының өкілдері, журналистер, блогерлер, баспасөз хатшылары, мемлекеттік және жеке ұйымдар қатысты.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында бірлігіміз бен ынтымағымызға сызат түсіруге бағытталған кез келген арандатушылықтың табанды түрде жолын кесу қажеттігіне назар аударды. Этносаралық салаға қатысты оқиғаларды жариялау этносаралық қатынастардың одан әрі үйлесімді дамуына орасан зор ықпал етуде. Біздің алдымызда этностардың бірлігін нығайту міндеті тұр, бұл мәселеде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі маңызды», – деді Қанат Ысқақов.

Іс-шара барысында делегаттар Журналистер клубының жұмысын жандандыруға қатысты мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ, этносаралық келісімнің өзекті мәселелеріне арналған танымдық семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив