Сенатта қазақстандықтарға алаяқтардың несие ресімдеуіне жол бермейтін заң қаралды
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық активтерге қатысты заңды талқылады.
Заң дербес деректерді қорғауды күшейтуге және цифрлық ақша табу қызметін реттеудегі құқықтық олқылықты жоюға бағытталып отыр. Адамдарды алаяқтардың әрекетінен қорғау мақсатында оларға банктік қарыз мен микрокредит алудан ерікті түрде бас тарту құқығы беріледі.
Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жаңа тетіктерді енгізу, сондай-ақ майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны қолданудан айыру, тоқтата тұру, қайта бастау рәсімін енгізу көзделеді.
Депутаттар отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.
Суретті түсірген: А. Байжұманов