Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қазақстанда 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

28-11-2023, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 029 шетел азаматы еңбек етеді.

Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 345 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 588 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 5 767 және 608 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 078 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 643 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 612 жұмыс беруші бар. Оларда 468,1 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97,2% - ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 3 312 адам (25,4%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 580 адам (12,1%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 216 адам (9,3%), өңдеу өнеркәсібі – 1 194 адам (9,1%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 757 адам (5,8%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 884 адам (29,8%), Өзбекстан – 1 777 адам (13,6%), Түркия – 1 254 адам (9,6%), Үндістан – 1 232 адам (9,4%).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив