Абай облысының жастары жеңілдетілген шағын несие алуда
Ағымдағы жылдың 28 қарашасында жастарға жеңілдетілген микрокредит беру үшін бизнес - жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде 29,7 млн. теңгеге 7 бизнес – жоба қаралды. Комиссия шешімімен 6 жоба мақұлданды, 1 жобадан бас тартылды.
Микрокредит мерзімі 5 жылдан аспайтын жеке кәсіпкер ретінде тіркелген 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге беріледі.
Жыл басынан Абай облысы бойынша комиссия қарауына 278 өтінім түсіп, оның 245 жобасы мақұлданды. 33 өтінімге микрокредит беруден бас тартылды.
Тағыда оқыңыз
Көкпекті аудандық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАбай облысында 239 жасқа 2,5%-бен шағын несие берілдіАбай облысында жастарға жеңілдетілген шағын несие беру жалғасудаЖастардың 5,2 мыңнан астам жобасына жеңілдетілген микрокредит берілетін болды