Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Әйел кәсіпкерлер тәлімгерлердің арқасында кәсіптерін және дағдыларын дамытып отыр – А.Тоғызбаева

29-11-2023, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанда соңғы уақытта әйел кәсіпкерлігін дамытуға неге басымдық берілуде? Оның себебін Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел барысында Айдана Тоғызбаева түсіндірді. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жұмыспен қамту мен шағын және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту департаментінің директоры – басқарушы директор бүгін әріптестерімен бірлесіп  «Кәсіпкерлікті дамыту: мемлекеттік қолдау шаралары» деген тақырыпта ой-пікір алмасты. 

Сонымен, негізгі себеп – әдеттегі режимде жұмыс істеуге немесе білім алуға мүмкіндігі жоқ, кішкентай балалары бар әйелдер. 

«Біз қаржылық қолдау шараларын көрсететін Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ретінде әйелдердің жағдайларына, кестелеріне, тілектеріне, талаптарына, мүмкіндіктеріне бейімделуге тырысамыз және оларды әйелдер кәсіпкерлігі орталықтары шеңберінде оқытамыз. Бүгінгі таңда жеті қызмет түрін ұсынамыз. Бұл консультациялық ұйымдастырулар, кәсіптік оқыту немесе бар дағдысының деңгейін арттыру, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту. Келесі құрал - бизнеске шолу жасау, яғни  кәсібі бар әйел ісіне бағалау жасауды сұрайды және ол халықаралық талаптарға сәйкес одан ары даму бағытын білгісі келеді. Тәлімгерлік бағыты да бар. Ірі іскер әйелдер басқаларын тәлімгерлікке алады. Сонда бұған дейін ол әйелдің өз кәсібінен тапқан табысы төмен болса, тәлімгерлердің арқасында табысын асырып, дағдысын жақсарта бастайды», – деді сарапшы.

Танымал бағыттардың бірі – қаржыландыруды тартуға үйрету, қаржылық сауаттылықты арттыру. Сондай-ақ, тегін гранттар, қаржы қаражаттары бар халықаралық жобалар бар.  Ең ірі жоба – «Бір ауыл, бір өнім» жобасы. Бұл құрал ауылдар мен аудандардағы өз өнімдерін өндіретін әйелдерге өнімін қазақстандық дүкендердің сөрелеріне шығаруға немесе өнімді шетелге жөнелтуге жәрдемдесуге мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив