Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
523.58 605.36 6.45

Астанада «Қазақстандық бизнес орнықты даму үшін» тақырыбында кәсіпкерлермен кездесу өтті

29-11-2023, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов, Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, БҰҰ Жаһандық шартының Қазақстан бойынша менеджері Динара Сейджапарова және БҰҰ Жаһандық шартының мүшелері - бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі прогресін, сондай-ақ бизнесті жүргізу және орнықты даму жөніндегі бастамаларды талқылады.

Өз сөзінде А.Әбдікәрімов ұлттық және өңірлік деңгейлерде ОДМ-ды ілгерілету, ОДМ ұлттық индикаторларын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына имплементациялау бойынша Үкіметтің жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндады.

БҰҰ Жаһандық шартына қосылу рәсімінен өткен бизнес-қоғамдастық өкілдері компаниялардың соңғы жылдары қол жеткізген нәтижелері туралы айтты. Сонымен қатар, олар Қазақстанда бизнесті орнықты жүргізудің тиімді тәжірибелерімен бөлісті.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан үшін жаһандық шарттың әсері – бұл компаниялардағы әлеуметтік-жауапты саясатты дамыту және неғұрлым инклюзивті әрі орнықты экономика құру.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив