ҚР ИИДМ онлайн-сауалнамаға қатысуға шақырады
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық өнеркәсіптің ахуалына байланысты ұлттық баяндаманы әзірлеуді қолға алды. Онда еліміздегі өнеркәсіптің қазіргі жағдайы мен жекелеген бағыттар бойынша өнеркәсіптік-инновациялық жобаларға қатысты индустриялық даму жөніндегі мәліметтер қамтылған.
Бұл орайда аталған баяндама Қазақстандағы өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың негізгі тетігі саналатынын айта кетейік. Оны әзірлеу іскерлік орта және қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл негізінде жүзеге асырылады.
Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кәсіпорындардың дамуына әсер ететін факторлар мен өндіріс орындарында туындайтын жүйелік проблемаларды және тәуекелдерді анықтау мақсатында онлайн-сауалнамаға қатысуға шақырады.
Осы сауалнаманың нәтижелері тиісті шешімдерді қабылдау үшін еліміздің басшылығына ұсынылатынын айта кеткен орынды.
Онлайн-сауалнаманың мемлекеттік тілдегі нұсқасына төмендегі сілтеме арқылы өтуге болады: https://forms.gle/BBPgLadoFCC2gHwP6
Ал ресми тілдегі нұсқасы https://forms.gle/ntPMs9DauGpmjjKx7 сілтемесі бойынша қолжетімді.
Сауалнамаға онлайн қатысу мүмкіндігі болмаса, қосымша берілген форманы толтыруға болады (Жүктеу)
Толтырылған сауалнаманы n.nurgyisayev@qazindustry.gov.kz және A.Yernazarov@qazindustry.gov.kz пошталарына жіберу қажет.
Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы ала аласыздар: 8 (7172) 983788 (ішкі 1073, 1189, 1172), Әлішер Ерназаров 8 702 852 85 38, Нұржан Нұрғысаев 8 707 423 79 69.