Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Қазақстан Сыртқы істер министрі Сербия Президентімен кездесті

30-11-2023, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Белградқа ресми сапары барысында Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичтің қабылдауында болды.  

Кездесу барысында Сербия мемлекетінің басшысы А. Вучич екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін, аса жоғары және жоғары деңгейлерде орнықты саяси диалогты дамытуды, сондай-ақ екі елдің екіжақты форматта да, халықаралық құрылымдар шеңберінде де тиімді өзара іс-қимылын қанағаттанушылықпен атап өтті. 

ҚР СІМ басшысы М. Нұртілеу Сербия Президентіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектері мен жылы лебіздерін жеткізіп, Мемлекет басшысының келесі жылы Астанаға сапармен келуге шақырғанын айтты. 

Қазақстандық дипломат сұхбаттасын өзінің серб әріптесімен өткен келіссөздер жөнінде, оның барысында жан-жақты байланыстарды жандандыру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілгені туралы хабардар етті. «Астана мен Белградтың ортақ мүдделерге негізделген сенімді қарым-қатынастармен мақтануға толық негіз бар», – деді М. Нұртілеу. 

Сұхбаттастар екі елдің әскери-техникалық салада, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, туризм, білім беру және мәдениет салаларында ынтымақтастық перспективаларының бар екенін атап өтті. 

Кездесу барысында сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері туралы пікір алмасу өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив