Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.77 541.36 5.41

ТМД елдері қауіпті аурулар мен тауарлардан санитарлық қорғауды күшейтеді

30-11-2023, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс 2021 жылғы 28 мамырда Минскіде қол қойылған ТМД елдері аумақтарын санитарлық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. 

Құжат Достастық елдерінің аумағына жұқпалы аурулардың әкелінуі мен таралуының алдын алуды, сондай-ақ халықтың денсаулығына қауіпті тауарларды әкелу мен сатуды реттейді. Ол тараптарды тиісті аумақтарда санитарлық қорғау бойынша қажетті шараларды жүргізуге міндеттейді.

ТМД-ға мүше елдердің аумағына әкелінетін барлық тауар санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сай болуы және тиісті құжаттармен бірге жүруі керек. Талаптарға сәйкес келмейтін өнім анықталса, тараптар оның импортын шектеуге құқылы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив