Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
480.5 534.22 5.18

Қызылордалық өрт сөндірушілер шыны зауытында іскерлік ойын өткізді

2-12-2023, 15:50 Сабина Әлібек

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімдерімен 1679 дабылды шығыстар орын алды. Оның ішінде өртке 387 рет, өртке жатпайтын жану оқиағаларына 1269 рет, авариялық-құтқару жұмыстарына 23 рет шықты. Дабылды шығыстар кезінде 6 адам құтқарылып, 38 адам эвакуацияланды.

Жедел тактикалық салада ең маңызды адам көп шоғырланатын нысандарда өрт сөндіруді ұйымдастыру мақсатында әр түрлі объектілерге 50 рет өрт-тактикалық жаттығулар мен 113 рет  өрт-тактикалық сабақтар өткізілді.

Өрттерге дер кезінде ден қою мақсатында құрылысы күрделі, ірі және жоғары рангты нысандарды таныстыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай шаралардың бірі 2023 жылғы 30 қарашада Орта Азиядағы ең ірі зауыттардың бірі «Orda Glass LTD» ЖШС шыны зауытында шартты өрттерді сөндіру бойынша орта және аға басшы құрамның кәсіптік даярлық шеңберінде іскерлік ойын өткізілді.

Іскерлік ойынның мақсаты - шыны зауытының жұмыс тәртібі мен  шыны шығарудың технологиялық процессін, өртке қарсы су көздерін, объектінің жедел – тактикалық сипаттамасын жеке құрамға таныстыру және жұмыс барысында туындауы мүмкін қауіпті факторларды зерделеу болып табылады.

Іскерлік ойын барысында шартты өртті сөндіру бойынша орта және аға басшы құрамның қызметтік және жауынгерлік дайындықтары шыңдалды. 

Сонымен қатар іскерлік ойынға шыны зауытының өрт қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлері тартылып, бірлесіп іс-жүзінде нақты жағдайларға жақын тапсырмалар орындалды.

Қызметкерлердің кәсіптік даярлықтарын аттыру бағытында   оқу-жаттығулар мен іскерлік ойындар алдағы уақыттада жалғасын табатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив