Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Ғылым саласында ғылымды басқарудың жаңа моделі енгізіледі

15-02-2023, 19:09 Думан Кенжеғазыұлы

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қоғамдық кеңес мүшелері мен сарапшылардың талқылауына «Ғылым мен жоғары білімді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жобасын ұсынды.

Министр бұл құжат бойынша жұмыс Мемлекет басшысының жолдаулары мен сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында басталып кеткенін атап өтті. Тұжырымдама жобасында «Қазақстан-2050» стратегиясында белгіленген ел дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары мен бағыттары ескерілген, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы көрсеткіштерге қол жеткізу тетіктері ұсынылған.

Жобада жоғары білім беру саласындағы алдағы жеті жылдағы басым міндеттер ретінде жоғары білімге қол жетімділік, озық кадрлармен қамтамасыз ету, цифрлық архитектураны дамыту, интернационалдандыру, корпоративтік басқаруды дамыту, инфрақұрылымды дамыту және ұлттық білім сапасын қамтамасыз ету моделі белгіленген.

Ғылым саласында ғылымды басқарудың жаңа моделін енгізу, зияткерлік әлеуетті нығайту, ғылыми инфрақұрылымды және цифрландыруды жаңғырту, ғылыми-зерттеу университеттерін, қолданбалы ғылымды және ғылыми, ғылыми-техникалық жұмыс нәтижелерін коммерцияландыру экожүйесін дамыту жоспарлануда.

Қоғамдық кеңес мүшелері құжатта салалық мәселелер нақты көрсетілгенін атап өтіп, білім мен ғылымдағы ұлттық және әлемдік үрдістер ескерілгеніне оң баға берді.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес төрағасы Серік Ирсалиев құжатты әлі де халықаралық тәжірибе тұрғысынан пысықтап, нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді нақтылау қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде Саясат Нұрбек министрліктің сындарлы ұсыныстарды талқылауға ашық екенін жеткізіп, азаматтық сектор өкілдерін, сарапшыларды Тұжырымдаманы талқылауға белсенді қатысуға шақырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив