Ұстаз - бүгінгі күннің сұранысы
Бүгін Үкімет отырысында педагог мамандарды даярлау сапасы талқыланып, педагог мамандарға қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Педагогтердің қоғамдағы орны мен рөлін тереңірек қарастыру мақсатында мемлекет тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылып жатқаны баршаға мәлім. Педагог мәртебесін көтеру бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар өз нәтижесін де беруде.
Үкімет отырысында айтылған мұғалім мамандығын таңдаған жастарды мемлекеттік қолдаудың жалғастырылатыны жағымды жаңалық болды.
Нағыз педагогтың тұлғасын қалыптастыру - күрделі үрдіс. Педагог мамандығын таңдаған әрбір студент болашақ мұғалімнің қыр-сырын жақсы түсініп, таңдаған кәсібін жоғары сапалы деңгейде меңгеруі қажет. Педагогикалық мамандықтың заманауи проблемалары, педагогтердің кәсіби дайындығы мен шеберлігінің білім беру сапасына әсері, осы мамандықты таңдау және т.б. мәселелер әлі де шешімін табуды қажет етеді.
«Бүгінде шамамен 5 мың педагог жетіспейді. Жыл сайын 50 мыңға жуық жас маман университет бітіріп шығады. Алайда олардың көпшілігі өз кәсібі бойынша жұмыс істемейді. Мұның себептері әртүрлі»,- деді Әлихан Смайылов. Сол себептердің бірі жастардың ауылдық жерлерге барғысы келмеуі. Ұстаздың бойында туған өлкесіне, еліне деген патриоттық сезімнің жоғары болуы шарт. Бұл жерде жергілікті биліктің ұстаздарды қолдау саясаты да заман талабына сай болуы тиіс. Қазіргі қоғам дамуында мұғалімдер өздеріне аса жауапты іс жүктелгенін саналы түрде сезініп, өз мәртебесіне лайық еңбек етуі керек. Оқушылардың болашақта қандай салаға бейімделуі мектеп қабырғасынан басталады.
Болашақ мұғалімнің өзіне сенімді болуы алдымен ұстазының берген біліміне байланысты.
Шәкәрім университеті педагог-түлектердің жұмысқа орналасуын қадағалап қана қоймай, өз ісінің маманы болуына көп мән береді. 2022-2023 оқу жылын тәмәмдаған 510 педагог-түлектер арасында жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша респонденттердің 99,8%-ы мұғалім мамандығын таңдағандарына еш өкінбейтіндігін және мамандығы бойынша қызмет етуге дайын екендігін көрсетті. Жұмыс берушілер арасында жүргізілген мониторинг нәтижесінде мұғалімдік қызмет атқарып жүрген түлектеріміздің білім деңгейінің заман талабына сай екендігі анықталды. Әрине, педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру мәселесі бүгінгі күні өзектілігін жоғалтпай отыр, осыған қатысты туындайтын мәселелерді өз уақытында болжап, талдап отыру маңызды.
Назигүл Газизова
Шәкәрім университетінің
Әлеуметтік мониторинг және болжау орталығының басшысы,
педагогика ғылымдарының кандидаты
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіПедагог – сарапшы Нұрланова Айгерім Қуандыққызымен сұхбатShakarim University ректоры Думан Орынбековпен сұхбат