Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Абай облысының әкімі Волонтерлер күнімен құттықтады

5-12-2023, 12:00 018.kz

Құрметті достар!

Сіздерді Халықаралық волонтер күнімен құттықтаймын!

Еріктілер - бұл айналадағы әлемді мейірімді етуге ұмтылатын, көмек қолын созуға шын жүректен ұмтылатын адамдар санаты. Соңғы жылдары біздің елімізде еріктілік қарқынды дамып, өз қатарына көбірек бей-жай қарамайтын адамдарды тартуда. Бүгінде бұл қозғалыс біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды.

Сіздердің кең жүректеріңіз бен адал ниеттеріңіз әлемді нұрға бөлейді. Ең алдымен, біздің қоғам игілігі жолындағы пайдалы істеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Күнделікті жасап жатқан жанқиярлық еңбектеріңізді жоғары бағалаймын. Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз облысымыздың дамуына айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз.

Сіздерге шын жүректен амандық, бақыт және табыс тілеймін.

Құрметпен, Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив