Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Сенатта балалардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

5-12-2023, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңды талқылады.

Құжатта бала құқықтары туралы конвенцияда бекітілген құқықтар бұзылған жағдайда балалардың немесе олардың ата-аналарының жеке шағымдарын қарау тетігі белгіленген. Хаттамаға сәйкес, балалар немесе олардың өкілдері БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне құқықтарының бұзылғаны туралы шағымдарды тікелей жібере алады. Хаттаманы ратификациялау Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдік берілген адамның құқықтары мен бостандықтарын шектемейді.

Сенаторлардың айтуынша, заңның қабылдануы балалардың құқықтарын қорғауды жақсартуға, Қазақстан азаматтарының экономикалық, әлеуметтік және мәдени мүддесін халықаралық қорғау құқығымен қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Суретті түсірген: А. Байжұманов

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив