Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Сенаторлар: Біздің міндетіміз – өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың проблемалары туралы мамандардың өзінен есту

5-12-2023, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Астанадағы өрт сөндіру бөлімдері мен жедел-құтқару жасағының аумағында және бірқатар азаматтық қорғаныс нысандарында болды. Сапар «Азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдауға дайындық аясында ұйымдастырылды.

Сенат комитетінің төрағасы Андрей Лукин Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесулер аясында қазіргі кезде Парламент қабырғасында азаматтық қорғау мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралып жатқанын айтты.

«Бұл құқықтық акт азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін арттыруға бағытталған, өрт, өнеркәсіптік және сейсмикалық қауіпсіздікті жетілдіру мәселелеріне арналған. Парламенттік тыңдауда біз осы заң жобасындағы жаңалықтарды, сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесінің проблемаларын талқылауды жоспарлап отырмыз. Біздің басты міндетіміз – бүгінгі күні қандай проблемалар бар және нені өзгерту керектігін білу үшін мамандардың өзіне құлақ түру. Біз өз тарапымыздан бұл мәселелерді жалпыға бірдей талқылауға шығаруға, сондай-ақ заң шығару қызметі аясында жәрдем көрсетуге дайынбыз», - деді сенатор.

Сенаторлар сапар барысында №17 және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде болып, жедел-құтқару жасағының жұмысымен танысты, сондай-ақ Асқар Забикулин атындағы №6 бөлімді көрді.

Өрт сөндірушілер сенаторларға өрт сөндіру бөлімдерінің жұмысын көрсетті, оларды техникамен және жабдықтармен, сондай-ақ құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық жабдықтарымен таныстырды.

Суретті түсірген: А. Байжұманов

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив