Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Қазақстан мен Катар өзара инвестицияларды қорғауды қамтамасыз етеді

6-12-2023, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс Қазақстан мен Катар үкіметтері арасындағы Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялады. Құжат 2022 жылдың 12 қазанында Астанада жасалған. Мақсат – инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасау, тікелей шетелдік инвестициялар ағынын ынталандыру және уағдаласушы елдердің экономикалық әл-ауқатын жақсарту.

Тараптар өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес екінші мемлекеттің инвесторларын ынталандыруға және оларға қолайлы жағдай жасауға міндеттеледі. Инвестициялар басқа Уағдаласушы елдің аумағында әділ және тең режиммен және толық қорғау мен қауіпсіздікпен қамтамасыз етіледі.

Әрбір Уағдаласушы тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес экономиканың сезімтал секторларын және (немесе) олармен байланысты кәсіпкерлік қызмет түрлерін белгілеу құқығын өзіне қалдырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив