Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Қазақстан мен Сингапур өзара инвестициялық қолдау көрсетеді

6-12-2023, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс 2018 жылғы 21 қарашада қол қойылған Қазақстан мен Сингапур үкіметтері арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялады.

Келісімнің мақсаты – неғұрлым тығыз екіжақты экономикалық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, екі мемлекеттің де әл-ауқатын арттыру.

Келісім аясында бірінші тарап екінші елдің инвесторларын өзінің ұлттық заңнамасы мен жалпы экономикалық саясатына сәйкес өз аумағына инвестициялауға ынталандырады және қолайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ екінші тарап мемлекеті инвесторларының инвестицияларына әділ және тең құқықты режимді, халықаралық құқыққа сәйкес толықтай қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив