Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

ТМД елдері енді кеңес дәуіріндегі өнертабыстардың құпиялылығын қамтамасыз етпейді

6-12-2023, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс депутаттары 1999 жылғы 4 маусымда Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданылысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялады.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде Келісім қолданылған кезең ішінде, КСРО-да іс жүргізу аяқталмаған және қорғау құжатының қолданылу мерзімі бітпеген құпия өнертабыстарға қорғау құжаттарын беру туралы бірде-бір өтінішхат берілген жоқ.

Құжаттың өзекті болмауын ескере отырып, ТМД Сыртқы істер министрлерінің кеңесі оның жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Тиісті хаттамаға 2021 жылдың 4 наурызында қол қойылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив