Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
487.73 558.99 6.63

Мемлекет басшысы Ақтөбедегі керамогранит және қыш плиталар шығаратын зауытты аралап көрді

6-12-2023, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Президент «Зерде-Керамика Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Индустриалды аймақта орналасқан өндірістік нысанның аумағы – 15 гектар. Зауыт жылына 5 миллион шаршы метр өнім өндіреді.

Зауыттың атқарушы директоры Дәурен Битеміровтің айтуынша, мұнда шығарылатын керамогранит пен қыш плиталар Қазақстанның батыс өңірлерінің сұранысын толығымен өтейді. Сонымен қатар Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне де экспортталады.

Өндірістің барлық жұмысы толықтай автоматтандырылған. Бұл зауыттың ерекшелігі саналады. Жүйе италиялық SACMI фирмасының заманауи қондырғысы арқылы басқарылады.

Нысанға 9,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған. «Өндірісті дамыту қоры» акционерлік қоғамынан қондырғылар сатып алу үшін мемлекет 7,5 миллион еуро көлемінде несие алуға қолдау көрсеткен.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив