Абай облысының оқушысы «ақылды саябақ» жасады
Аягөз ауданы №1 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Толғанай Еркінқызы саябақты автоматты түpде жарықтандыруды pеттеу жүйесiн ұсынды. Бұл заманауи саябақ алыс арақашықта шамдарды қосу, өшіруге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дала жарық болғанда жарық автоматты түрде өшетіндей ойластырылған құрал уақыт, энергия көзін үнемдеуге көмектеседі.
Толғанай ұсынған жұмысында саябақ температурасы мен ылғалдылығын анықтап, дисплей көмегімен керекті ақпарат шығарған. Аrduino UNO микpоконтpоллеpiн қолдана отыpып, жарықтандыру жүйесiн жобалауды жүзеге асыpды. Саябақта ауа температурасы мен ылғалдылығын анықтау үшін DHT11 датчигі қолданылды.
Саябақтағы жарық деңгейін бақылау үшін жарық датчигі орнатылған, сол арқылы жарық мөлшерін өлшеуге болады, егер жарық мөлшері аз болса, светодиодтар автоматты түрде жанады.
Саябақтты жарықтандыру үшін екі шығысы бар бір-бірімен параллель жалғанған 5 вольттік светодиодтарды пайдаланған. ARDUINO IDE бағдарламасында жазылған автоматтандырылған саябақтың артықшылығы мол. Атап айтсақ, температура датчигінің көмегімен саябақтың температура өлшемін және ылғалдылық мөлшерін, сондай-ақ дисплей көмегімен ауа температурасы мен ылғалдылығының мөлшерін байқауға болады. Т әрпі арқылы температураны белгілеп, Н әрпімен ауа ылғалдылығын көрсеткен.
Жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі Меліс Зарина Мейржанқызы.
Болашақта саябақтағы ауа температурасы мен ылғалдылығының өлшемдерін қашықтан алу үшін Bluetooth бен Wi-Fi құрылғыларын қолдануды жоспарлап отыр.
Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі