Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

«Архив -2025: Нәтижелер мен мәселелер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

7-12-2023, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Архив – 2025» кешенді жоспары аясында «Архив -2025: Нәтижелер мен мәселелер» атты халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен ҚР Ұлттық архиві ұйымдастырған іс-шараның мақсаты - отандық және шетелдік архивтерде, музейлерде, кітапханалар мен ғылыми орталықтарда сақталған Қазақстан тарихына қатысты құжаттармен Ұлттық архив қорын толықтыруға және ғылыми айналымға енгізуге бағытталған «Архив-2025» жобасын іске асыру, кешенді іс-шаралар жоспары аясында жасалған  жұмыстардың нәтижелері мен мәселелерін жан-жақты талқылау.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш, Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы  «Узархив» агенттігінің директоры  Улуғбек Юсупов, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, т. ғ. д., профессор Аяған Бүркітбай Ғелманұлы және қоғам қайраткері Дархан Мыңбай, басқа да тарихшы ғалымдар мен мемлекеттік архив басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында «Архив-2025» жобасы аясында елге әкелген құжаттардан  «Отанына оралған құжаттық қазына» жинағының ІІІ және ІV томдарының тұсауы кесілді.

Конференция аясында ҚР Ұлттық архиві мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Тарих факультетінің бірлескен «Тарих кабинетінің» ашылу салтанаты өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив