Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Skills Enbek платформасында Яндекс Қазақстанның курстары да болады

7-12-2023, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Яндекс Қазақстанмен онлайн-оқытуды дамыту бойынша бірлескен жұмысты бастады, нәтижесінде Skills Enbek платформасында қолжетімді курстар саны артады.

Ынтымақтастық ел азаматтарына қосымша мүмкіндіктер беруге және IT саласында жаңа дағдыларды игеру үшін қолжетімді курстар базасын кеңейтуге бағытталған.

Қазірдің өзінде қол жетімді материалдардың ішінде «Основы Python-разработки» тегін курсы бар. Бұл курс IT саласында өз мансабын бастағысы келетіндерге және сұранысқа ие бағдарламалау тілінің негіздерімен танысқысы келетіндерге арналған. Курста студенттер backend-әзірлеу туралы көбірек біледі және Python-да код жазуды бастай алады.

Skills Enbek-те қазіргі кезде әртүрлі бағыттар бойынша 269 курс бар, оның 209-ы тегін. Пайдаланушылар саны 350 мың адамнан асты, 292 мың адам оқуды сәтті аяқтап, сертификат алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив