Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
513.68 583.03 6.24

Президенттік жастар кадр резерві мүшелерінің Әділет министрімен кездесуі өтті

9-12-2023, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Әділет министрі Азамат Есқараев пен Президенттік жастар кадр резерві мүшелерінің кездесуі өтті. Кездесуге Агенттік және Мемлекеттік басқару академиясының басшылығы да қатысты.

Кездесу барысында Министр мемлекеттік органмен іске асырылып жатқан жобалар және әділет саласын цифрландыру шаралары туралы баяндап, Президенттік жастар кадр резерві өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Өз кезегінде резервшілер Әділет министрлігінің жобаларына жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Әділет министрі Президенттік жастар кадр резерві мемлекеттік секторға кәсіби мамандарды тартудың тиімді тетігіне айналғанын атап өтті.

Шара соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіруге және ұсыныстар алмасуға мүмкіндік беретін мұндай кездесулерді ұйымдастырудың маңыздылығын айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив