Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Шығыс әскерилері шеберліктерін шыңдады

11-12-2023, 09:45 018.kz

Қазақстан әскерінің кәсіби біліктілігінің жоғары болуы, сондай-ақ әрбір сарбаз бен офицердің теориялық білімімен қатар іс жүзінде тапсырманы нақты орындай алуы басты мақсат. Бұл Жоғарғы Бас Қолбасшының әскерилердің алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі. 

Сондықтан Абай гарнизонындағы әскери бөлімдері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді.  Осылайша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері жаңа оқу кезеңіне кірісті.

Айталық, жауынгерлік дайындық апталығы аясында өңіріміздегі арнайы мақсатта тағайындалған барлау полкы арнайы операцияны жүзеге асырды. Барлау полкының командирі подполковник Талап Бирбаланов басшылық жасаған операция Әуе базасымен бірлесе жүзеге асырылды. Жауынгерлердің кәсіби шеберліктерін арттыратын арнайы операцияға үш топ қатыстырылды. Олар Ми-17 тікұшағымен әуеге көтеріліп қарулы қылмыскерлер болуы мүмкін аудандарда іздестіру жұмыстарын жүргізді. Кейін заңсыз қарулы топты анықтап шабуылдау арқылы олардың көзі жойылды. Үш бірдей Ми-17 тікұшағымен әуеге көтерілген арнайы топтарға тапсырма бірдей берілді. Алайда іздестіру шараларына әртүрлі аудандар таңдалған. 

Арнайы мақсаттағы барлау полкы тапсырманы жоғары деңгейде жүзеге асырып, сыннан сүрінбей өтті.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив