Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Шүлбі кенті әкімі сайлауының нәтижесі

11-12-2023, 10:27 018.kz

ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 10 желтоқсанда Абай облысы Семей қаласының Шүлбі кенті әкімінің сайлауы өтті.

Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының Шүлбі кенті әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Шүлбі кентінің сайлау округінің

Шүлбі кенті әкімінің сайлауы бойынша

Шүлбі кентінің сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1909 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 1110 сайлаушы дауыс берді.

Шүлбі кентінің әкімі болып 1987 жылы туған, "Шүлбі кенті әкімінің аппараты" ММ бас маманы, Шүлбі кентінде тұратын Қалиева Арай Сейсембекқызы сайланды.

Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45 – бабына, 2023 жылғы 11 желтоқсандағы шешімімен Шүлбі кентінің сайланған әкімі ретінде Қалиева Арай Сейсембекқызын тіркеді.

Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив