Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Қазақстан Қарулы күштерінің Орталық ансамблі Мәскеуде өткен байқауда жеңімпаз атанды

11-12-2023, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Алғаш рет өткізіліп отырған «Катюша» халықаралық фестивалінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің аға лейтенант Марс Жалғасбаев басшылық жасаған шығармашылық ұжымы «Үздік вокалдық ансамбль» номинациясы бойынша лауреат атанды.

Қарулы күштер әскери қызметшілерінің, ардагерлердің және олардың отбасы мүшелерінің халықаралық дәрежедегі «Катюша» халық шығармашылығы фестивалі Ресей армиясының Орталық үйінде өтті.

Байқауға қатысушылардың өнерін Ресей Қорғаныс министрлігінің, әскери мәдениет мекемелерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен өнер шеберлері бағалады.

Байқауда қазақстандық ұжым композитор Ян Френкельдің, Расул Гамзатовтың сөзіне жазылған «Журавли» әнін орындады.

– Мұндай іс-шаралар шығармашылық адамдары үшін өте маңызды деп білемін. Бұл біріншіден бізге әртүрлі ұжымдармен, өзіндік тәсілдермен танысуға, шығармашылық ізденісімізді кеңейтуге мүмкіндік береді. Халықаралық фестивальде жеңіске жету бізді кәдімгідей қанаттандырды. Сол себепті де тыңдаушыларымызға әрдайым жарқын әсер сыйлап, жұмысты жалғастыра береміз, – деді ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығының орынбасары – көркемдік жетекші Марс Жалғасбаев.

Байқауға он сегіз елден келген вокалдық ұжымдар, вокалдық-аспаптық ансамбльдер мен солистер қатысқанын айта кету керек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив