Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

«Магистраль Awards» Ұлттық көлік сыйлығы алғаш рет Астанада өтеді

11-12-2023, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Көлік және логистика саласындағы «Maгистраль Awards» 1-ші Ұлттық сыйлығын ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, «Н.Қ.Исинғариннің Көлік бастамалары қоры» ҚҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Kazlogistics» көлік қызметкерлері одағы, Қазақстан Республикасының корпоративтік коммуникациялар қауымдастығы.

Саланың инвестициялық тартымдылығы, қоғамдық мойындау, проблемаларға назар аудару, көлік және логистика саласындағы жетістіктерді ынталандыру жыл сайынғы сыйлықтың негізгі міндеттері болып табылса,  оның мақсаты еуразиялық аймақта Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктері мен көлік-логистикалық инфрақұрылымының өсіп келе жатқан геостратегиялық маңыздылығы жағдайында көлік кешенінің мәртебесін экономиканың жүйелі маңызды саласы ретінде арттыру. 

Марапаттау үш кезеңде өткізіледі:

I кезең – қатысуға өтінімдерді қабылдау.

II кезең – Сараптамалық кеңестің жұмысын бағалау.

III кезең – марапаттау рәсімі.

Сыйлық аталымдары.

Сәтті бастама

Жылдың үздік жобасы

Сенімді халықаралық серіктес

Сандық логистиканың көшбасшысы

Жылдың көлік серпіні

Көлік бизнесін конструктивті қорғағаны үшін

Қоғамдық диалогты меңгергені үшін

Қазақстанның көлік кешеніндегі ең үздік HR бастамалары

Қазақстандағы көлік ғылымының дамуы

Тиімді көлік шешімдерін жасау

Салалық дәстүрлерге адалдық

 Көліктегі ең жақсы медиа бастама

Ұйымдастырушылардың қалауы бойынша арнайы номинациялар

Көлік кешенінің еңбек сіңірген мамандары мен құрметті қоғам қайраткерлерінен құрылған Сараптамалық кеңес тарапынан 50-ден астам өтініш желтоқсан айының басында қаралды. Қорытындылар 2023 жылғы 20 желтоқсанда Астанада көлік қауымдастығы жетекшілері мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтетін марапаттау рәсімінде шығарылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив