Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Қазақстан СІМ-де Қазақ тілі қоғамының басшысымен кездесу өтті

12-12-2023, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде дипломаттардың Қазақ тілі қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлымен кездесуі ұйымдастырылып, мемлекеттік тілді нығайту ісіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Іс-шараға ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Мемлекеттік тіл комиссиясының төрағасы Жалғас Әділбаев, «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі Қалыбек Қобыландин, сыртқы саяси ведомствосының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Жиында Ж. Әділбаев ҚР СІМ-де мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келе, Министрлік қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білуі басты назарда екенін атап өтті.

Өз кезегінде Р. Кенжеханұлы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жұмысы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы қоғам алдына қойған маңызды міндеттері жөнінде кеңінен ақпарат берді. Ол Мемлекет басшысының Қоғамның мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге бағытталған жұмыстарына ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Іс-шара барысында сыртқы істер саласындағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бойынша өзекті ұсыныстар айтылып, келелі ой-пікірлер ортаға салынды.

Кездесу соңында Р. Кенжеханұлы жиынға қатысушылардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив