Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Үкіметте Қазақстан мен Кореяның энергетика саласындағы инвестициялық ынтымақтастығы талқыланды

13-12-2023, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Doosan Enerbility компаниясының маркетинг жөніндегі вице-президенті Юнхо Янгпен кездесті.

Кездесу барысында Янг мырза Doosan Enerbility компаниясының энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарымен таныстырды. Атап айтқанда, Қазақстанда генераторларды, кәдеге жарату қазандықтарын, жел турбиналарын құрастыру бойынша өндірістер, сондай-ақ технологиялар трансферті бойынша құзырет орталығын құру туралы сөз болып отыр.

Өз кезегінде Роман Скляр Қазақстан мен Корея Республикасы стратегиялық әріптестер болып табылатынын және Doosan Enterbility инвестициялық ұсыныстары халықаралық ынтымақтастық пен елдеріміз арасындағы өзара тиімді әріптестікті нығайтуға бұдан да үлкен ынталандыру беретінін атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив