Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.71 533.77 5.16

Президент пластмасса бұйымдарын шығаратын «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» ЖШС зауытына барды

15-12-2023, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласының №1 Индустриялық паркін аралап көру барысында Мемлекет басшысы «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

2018 жылы негізі қаланған компания резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіреді. Кәсіпорын жыл сайын 72 миллион бақылау-индикатор пломбалары мен өздігінен жабысатын лейблдер, сондай-ақ мал шаруашылығында қолданылатын 24 миллион дана сырға шығарады.

«Универсал» ЖШС компаниялар тобына кіретін «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» полипропилен қаптарын шығаратын зауытты, сондай-ақ Қазақстанның өзге де өңірлерінде крахмал және крахмалдың қантқа айналып үлгермеген түрін өндіретін ірі өндіріс орнын басқарады.  

Қазіргі уақытта Түркістан облысының Шардара қаласында жүгері дәнін терең өңдеу жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Зауыттың қуаты жылына 150 мың тоннаны құрайды.

Компаниялар тобы 80-нен астам өнім түрін шығарады. Мұнда 3400 адам жұмыс істейді. Салынған инвестиция көлемі – 60 миллиард теңге.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив