Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысының әкімі Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16-12-2023, 09:45 018.kz

Құрметті жерлестер!

Сіздерді 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 

1991 жылдың 16 желтоқсаны – егемен ел болуды аңсаған батыр бабаларымыздың арманы орындалып, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күн. 

«Желтоқсан» екпінімен келген Тәуелсіздік күнінің маңыздылығы айрықша. Бұл күн халқымыздың бостандыққа, егемендік пен тәуелсіздікке ұмтылысымызды білдіреді. Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық ерлігі – бүгінгі және болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге.

Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті, қымбат ештеңе жоқ. Сондықтан, ұлтымызды ұйыстыратын егемендігімізді сақтап, Тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктету біздің басты міндетіміз. 

Қазіргі уақытта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміз кезең-кезеңмен саяси реформалауға, терең әлеуметтік-экономикалық қайта құруларға және жоғары мәдениетті қоғамды қалыптастыруға берік бағыт алды. Әрине, алдымыздағы іргелі істердің орындалуы өзіміздің қолымызда. Осы орайда Абай облысының халқы да еліміздің дамуына септігін тигізетініне сенімдімін. 

Баршаңызға туған жерімізге деген жанашырлықтарыңыз бен адалдықтарыңыз, оның өркендеуіне қосқан үлестеріңіз  үшін алғыс білдіргім келеді. 

Тәуелсіздігіміз баянды, елдігіміз еңселі болсын!

Құрметпен, Абай облысының әкімі Н.Ұранхаев

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив