Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ҚР ҰЭМ мен Дүниежүзілік Банк экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

16-02-2023, 17:20 Думан Кенжеғазыұлы
Бүгін Астанада Ұлттық экономика министрі, Қазақстаннан Дүниежүзілік Банктің басқарушысы Әлібек Қуантыров Дүниежүзілік Банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен кездесті. Іс-шараға ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап өз міндеттеріне кіріскен ДБ Қазақстандағы жаңа тұрақты өкілі Андрей Михнев та қатысты.
 
Кездесу барысында тараптар 2020-2025 жылдарға арналған Негіздемелік әріптестік стратегиясы шеңберіндегі іске асырылып жатқан жобалардың аралық қорытындыларын шығарды. Сондай-ақ, Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы аясында Банк көрсететін техникалық және талдамалық қолдауды талқылады. 2022 жылдан бастап ДБ қызметкерлерімен келісімнің жаңа жобасын әзірлеу бойынша рәсімдер жүргізілуде.
 
Сонымен қатар, қатысушылар алдағы іс-шаралар мен өңірдегі энергетиканы дамыту, экономиканы декарбонизациялау және ауылдық елді мекендерді цифрландыру бойынша жұмыс жоспарларын талқылады.
 
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив