Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.79 606.34 6.51

«BALA QORGAU» сайтына жыл басынан 70-тен аса өтініш түсті

16-02-2023, 19:14 Думан Кенжеғазыұлы

Түрлі жағдайларға тап болған оқушылар «Bala Qorgau» ақпарат тақтайшасындағы QR-кодты сканерлеп, консультациялық көмек сұрай алады. Тақтайша еліміздегі 7 мыңға жуық мектепке қойылған. Веб- сайтқа кірген оқушы мен ата-ана алдына ала жазылған кеңестерді оқып, сұрақ жолдауға болады. Олардың сауалына арнайы чатта мамандар жауап береді. Хабарлама арқылы сөйлесіп, көмек көрсетіледі. Өтініш берушінің аты-жөні құпия сақталады.

«Биыл жыл басынан бастап сайтқа 70-тен аса өтініш түсті, басым бөлігі балалардан келген. Олар ата-анасымен арадағы түсініспеушілік, бала махаббат, достарының арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы туралы мәселелермен хабарласқан. Біз әр сұраққа уақытылы жауап береміз, ал өңірлердегі мектеп оқушыларынан келген сұрақ болса облыстағы мамандар жауап беріп, байланыс жасайды»,- дейді Балалар құқықтарын қорғау комитетінің басқарма сарапшысы Эльмира Кадимова.

Веб-сайтта оқушылар ғана емес ересектер де проблемалық жағдайларды шешу бойынша кеңестермен таныса алады. «Bala Qorgau» оқушылардың, сондай-ақ олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыруға көмектеседі.

Веб-сайтқа сілтеме арқылы кіруге болады: https://bala.gov.kz

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив