Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2023 жылы 560 км астам теміржол жолын күрделі жөндеуден өткізеді

16-02-2023, 20:02 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде 560 шақырымнан астам жол күрделі жөндеуден өтеді.

Күрделі сипаттағы жөндеу жұмыстарынан басқа, сондай-ақ жолдың 90,5 шақырымына күшейтілген орташа және орташа жөндеуді орындау жоспарлануда. Темірбетон арқалықтардағы бағыттамалы бұрмалардың 634 жиынтығын жаңасымен ауыстыру көзделген.

Магистральды жөндеу жұмыстарын орындау және ағымдағы күтіп ұстау үшін ҚТЖ жол шаруашылығында арнайы теміржол жылжымалы құрамының 732 бірлігі пайдаланылады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1000 км темір жол сауықтырылса, оның 550 км астамы күрделі жөндеуден өтті.

Жолды жөндеу бойынша жоспарлы жұмыс теміржол тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив