Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Үржар ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр

20-12-2023, 13:55 018.kz

Үржар ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Жас мамандарға 15 жылға дейін жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. Маман ауылдық жерде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті.

Тұрғын үй сатып алу үшін биыл бюджеттік несиеге 72 млн 750 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Есепті кезеңде 15 маманға көтерме жәрдемақы (спорт саласында – 2, денсаулық сақтау – 6, агроөнеркәсіп кешенінде – 2, білім беру – 5), сондай-ақ 14 маманға бюджеттік несие (спорт саласы -1, денсаулық сақтау – 6, агроөнеркәсіптік кешен саласы -1, білім беру саласы -6) берілді.

Анықтама үшін: Үржар ауданында 2009 жылдан бері «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алуға 565 млн теңге бөлінген.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив