Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
487.73 558.99 6.63

Қазақстанда “Шырша” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр

24-12-2023, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Жаңа жыл қарсаңында полиция республика бойынша “Шырша” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Ол қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, тасымалдау және өткізу фактілерін анықтауға, сондай-ақ жолын кесуге бағытталған.

Бүгінгі таңда бес жүзге жуық мобильді топ базарлар мен басқа да жерлерде рейдтер жүргізіп жатыр. Мәселен, Алматы облысында полиция қызметкерлері көлемі 3,5 текше метр болатын ағаштарды тасымалдау фактісін анықтады.

ҚР ҚК-нің 340-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру), күдікті ұсталды. Естеріңізге сала кетейік, ағаштарды немесе бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдауға байланысты келтірілген залал сомасына қарай жауапкершілік қарастырылған.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша мүлкі тәркіленіп, 160 АЕК-ке дейін айыппұл не 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке тұлғалар үшін 50 АЕК, кәсіпкерлік субъектілері үшін 150-ден 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив