Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

2024 жыл ІІМ-де кадр сапасын жақсарту жылы болып жарияланды

26-12-2023, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Ішкі істер министрлігінде сала ардагерлерімен және өңірлік полиция департаменттері бастықтарының кадр саясаты жөніндегі орынбасарларымен кездесу өтті. Жиынға ведомство басшысы Ержан Саденов төрағалық етті.

– Бізге қойылған міндеттердің бәрі өзгеріссіз. Бұл – қоғамдық қауіпсіздік, қылмысты ашу, оны тергеу және сотқа жіберу. Мұның барлығын біздің қызметкерлер жүзеге асырады. Осыған байланысты менің тапсырмам бойынша 2024 жыл кадр сапасын жақсарту жылы болып жарияланды. Қазір жоспар әзірленіп жатыр. Онда іс-шаралар кешені көзделген, – деді ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Сонымен қатар полиция ведомствосы полицейлердің кәсіби қалыптасуына көмек көрсету, оларды азаматтардың құқығына құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ ішкі істер органдарында сапалы кадр ядросын қалыптастыру мақсатында тәлімгерлер кеңесінің жұмысын қайта жандандырып жатыр. Ардагерлердің білімі, даналығы мен өмірлік тәжірибесі жас офицерлер үшін маңызды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив