Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

2023 жыл Мемлекет басшысы бастаған ауқымды өзгерістердің тағы бір жаңа белесін бағындырған тарихи уақыт болды – А.Балаева

26-12-2023, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы бастаған ауқымды өзгерістер орын алуда. Бұл жаңа белесті бағындырған тарихи уақыт болды. Соның ішінде, мәдениет пен идеология саласында үлкен бастамалар қолға алынып, «Әділетті Қазақстан» концепциясының іс жүзіндегі тұғыры айқындала бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Ведомство басшысы бұл ең алдымен Ел Президентінің нақты әрі тиімді шешімдерінің арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

«Қасым-Жомарт Кемелұлының жыл басынан бері әртүрлі халықаралық және республикалық шаралардан бөлек, қоғам мәселелерін ерекше қордалаған Ұлттық Құрылтай мен дәстүрлі Жолдауында көтерген бастамалары саламызға тың серпіліс берді. Қалыптасқан рухани, ақпараттық жағдайға тікелей әсер ететін бірқатар маңызды әрі қажетті заңдар мен номартивтік актілер қабылданды. Қоғамның интеллектуалдық, шығармашылық, зайырлы ортасын көтермелеу мақсатында Президент тарапынан нақты қадамдар жасалып, үлкен мотивациялық қолдау көрсетілді», - деді министр.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы барлық мәселені жүйелі әрі тиімді шешіп отыру үшін Мемлекет басшысы осы жылдың қыркүйек айында Мәдениет және ақпарат министрлігін қайта құру туралы саяси шешім қабылдады.

«Жалпы Министрліктің қызметі мемлекет пен қоғам үшін ауқымды, маңызды ақпарат, мәдениет, азаматтық қоғам, ұлтаралық қатынас, дін және жастармен жұмыс сияқты салаларды қамтиды», - деді А.Балаева.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив