Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
513.68 583.03 6.24

ІІМ-де “Погонды журналист” және “Менің полициям” жобалары қорытындыланды

26-12-2023, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Ішкі істер министрлігінде “Погонды журналист” және “Менің полициям” республикалық жобалары қорытындыланды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандарды ведомствоның аппарат басшысы Оңал Бекеев марапаттады,.

Өткізілген қос жобаның мақсаты – күн-түн демей, қоғам қауіпсіздігі үшін қызмет ететін тәртіп сақшыларының қиын да күрделі жұмысын көпшілікке көрсету.

– Үлкен іс-шара. Жылды қорытындылап отырмыз. Бұл енді біздің дәстүрімізге айналды. Өздеріңіз білесіздер, бұған тек қана ересектер емес, балалар да қатысып жатыр. Тақырыптар өте ауқымды, біздің қызметкерлердің арасында сұранысқа ие. Осы бағыттағы жұмыс жандана түседі деген ойдамын, – деді ҚР Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы.

“Погонды журналист” жобасы биыл үшінші рет өткізілді. Жобаға республикалық және өңірлік БАҚ-тың 63 журналисі қатысып, полиция қызметі туралы 90-нан астам материал жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша үздік 10 журналист түрлі номинацияға ие болды.

Ал “Менің полициям” жобасына 5 пен 14 жас аралығындағы балалары бар полицейлердің отбасылары қатысты. Шығармашылық байқау “үздік эссе”, “үздік TikTok”, “үздік бейнеролик” номинациялары бойынша барлық аумақтық бөліністерде өткізілді. Әділ қазы мүшелері 21 бейнематериал, 23 эссе мен 18 TikTok-видеоға өз бағаларын берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив