Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
487.73 558.99 6.63

20 млн га жайылымдық жер қайтарылады

27-12-2023, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Жалпы отырыста жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды.

Түзетулерде жайылымға қажетті ауылшаруашылық жануарларының санын жүктеме нормасын 20 пайыздан 50 пайызға дейін ұлғайту арқылы жер пайдаланбау фактілерінің критерийін қатайту көзделген. Жайылымдық жерлердің 20 млн га жуығы қайтарылуға тиіс.

Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметтері бойынша, 2 млн гектардан астам жайылым жеке және заңды тұлғаларға конкурссыз берілген. Енді жайылымдарды конкурсыз беру нормасы алынып тасталады және мал жаю үшін 5 жылға дейінгі мерзімге жерлерді тікелей беруге рұқсат етіледі. 

Сондай-ақ елдімекеннің айналасындағы ауыл тұрғындарының малын жаюға арналған жерлердің мәртебесін нығайту үшін «көпшілік пайдаланатын жайылымдар» жеке ұғымы енгізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив