«Абай облысының Құрметті азаматы» атағы иегерлері анықталды
Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясында «Абай облысының Құрметті азаматы» атағы иегерлерінің тізімі бекітілді. Бұл тарихи ерекше маңызға ие оқиға болды. Себебі, 25 жылдан кейін жаңадан құрылған Абай облысының жаңа тынысы қайта ашылғандай болды.
«Үлкен тарихи шешім жасалды деп ойлаймын. «Абай облысының құрметті азаматы» абыройлы атағына лайықты адамдарды бекіттіңіздер. Әрқайсысы елге танымал тұлғалар. Олардың арамызда болуы біз үшін абырой. Әрине, әлі де берілуі тиіс жерлестеріміз аз емес. Оны біз жақсы түсінеміз. 25 жыл мұндай атақ болған жоқ. «Шығыстан» бұйырған азын-аулақ атақты қанағат етіп келдік. Енді міне, бәрі өз қолымызда. Біртіндеп, кезең-кезеңімен лайықты азаматтарымызды бірге анықтайтын боламыз», - деді Нұрлан Ұранхаев.
Сессия барысында облыс әкімі 2024 жылға арналған жоспарда өңірді дамытуға бағытталған бірқатар жобалардың жүзеге асырылатынын, олардың әрқайсысы депутаттық корпуспен жан-жақты талқыланатынын баса айтты.
«Өтіп бара жатқан жыл, бәріміз үшін, оның ішінде Абай облыстық мәслихатының депутаттық корпусы үшін табысты болы деп есептеймін. Жыл басында қабылданған Кешенді жоспардың арқасында, көп жылдар бойы, қордаланған, күрделі мәселелер, біртіндеп шешіліп келеді. Жыл көлемінде Абай облысының барлық экономикалық көрсеткіштері даму үстінде болып, өңіріміз үздіктер көшінде берік орын алды. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенімдімін», – деді Нұрлан Ұранхаев.
Сонымен қатар, сессияда Абай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау және Абай облысының басқару схемасын бекіту мәселелері қаралды.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіМемлекет басшысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзіШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!