Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455 498.77 5.56

Абай облысында үш жаңа басқарма құрылады

27-12-2023, 14:22 018.kz

ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес Абай облысына мемлекеттік қызметшілердің штат санына қосымша лимит бөлінді.  Осыған байланысты облысының басқару схемасын өзгерту қажеттілігі туындады. Бұл туралы Абай облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясында облыс әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев айтты.

Салалық нұсқауларға сәйкес дербес құрылымдық бөлімшелер ретінде үш жаңа басқарма құру жоспарланған:

1) Жұмылдыру дайындығы жөніндегі басқарма;
2) Дін істері басқармасы;
3) Цифрлық даму басқармасы.

Сонымен қатар, мемлекеттің жер, қала құрылысы және аграрлық саясатын уақтылы іске асыру, аталған салаларда сапалы жаңа деңгейге қол жеткізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында, Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасын және Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасын олардан сәулет, қала құрылысы, Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасын құру. Бұдан бөлек, жұмыстың ерекшелігіне қарай «Абай облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекеменің атауы «Абай облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі деп өзгерту жоспарланып отыр.

Облысты дамытуға бағытталған қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы іске асыруды қамтамасыз ету үшін, Абай облысын басқару схемасын өзгерту мәселесі қолдау тапты.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив