Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын қалай арттыратынын хабарлады

26-12-2023, 16:06 Думан Кенжеғазыұлы

Қарулы Күштер қатарында мерзімді әскери қызметтің тартымдылығы мен беделін арттыру мақсатында Қорғаныс Министрлігі бірқатар ұсыныс әзірледі.

Атап айтқанда, 2023 жылдан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде сарбаздарға «кредиттік каникулдар» беру тәжірибесі жолға қойылды.

«Бүгінгі таңда 1,8 млрд теңге сомасына 5 мыңнан астам мерзімді қызмет әскери қызметшінің төлемдері кейінге қалдырылды. Банктер мен микрокредиттік ұйымдарда 1,6 млрд теңге сомасына тағы 5 мың әскери қызметшінің өтініштері қаралуда. Бұл мәселені біз Парламент депутаттарымен бірлесіп заңнамалық деңгейде пысықтап жатырмыз», – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ, мерзімді әскери қызметін өткергеннен кейін 2 жыл ішінде мерзімді басшылар жауынгерлік, мемлекеттік-құқықтық даярлықта, үлгілі қызметте және әскери тәртіпте жоғары нәтижелерге қол жеткізген кезде ЖОО есебінен тегін жоғары білім ала алады, сондай-ақ Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына ҰБТ есебінсіз түсе алады; оқу орнының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша ҰБТ нәтижесі ескерілмей, кез келген қазақстандық ЖОО-на ақылы негізде түсе алады.

«Мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар жоғары оқу орнында оқыған жағдайда әскери кафедрада емтихан тапсырмай тегін оқи алады. Биыл көктем мен күзде запасқа шығарылған әскери қызметшілерге ЖОО-да жеңілдікпен 3 мың орын берілді. Қазіргі уақытта осы нормаларды заңнамалық тұрғыдан бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оң шешім қабылданған жағдайда, келесі жылдан бастап армияда қызмет еткен азаматтарға жатақханаларда орын беріліп, шәкіртақы төленетін мемлекеттік гранттар тағайындалады», – деп түйіндеді генерал.

Бұдан бөлек, ҚР ҚК Президенттің мерзімді қызмет сарбаздарының экономиканың нақты секторында сұраныс бар жұмыс мамандықтарын меңгеруі жөніндегі тапсырмасы іске асырылуда. 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 28 кәсіп бойынша мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін даярлау басталды. Бұл  – техниканы жөндеу шеберлері, экскаватор машинистері, электр монтажшылары, аспаздар, электр слесарлары және басқалар. Жыл сайын запасқа шығарылғаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар 3 мың маман даярланады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив