Мемлекеттік авиацияны штурмандық қамтамасыз ету қағидалары бекітіледі
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік авиациясын штурмандық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрық жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық акт қағидалар нормаларын «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 25-бабы 5-тармағының және «Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңының 1-бабы 66-3) тармақшасының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Қағидалардың жаңа редакциясында «ұшқышсыз ұшу аппаратының операторы – ұшу кезінде ҰҰА-ны манипуляциялайтын авиациялық маман» ұғымы «ұшқыш (пилот) – пилотсыз әуе кемесінің операторы – әуеайлақта орналасқан ПӘК басқару жөніндегі функцияларды басқару жөніндегі функцияларды орындауға жіберілген ПӘК экипажының мүшесі» деген ұғыммен ауыстырылды.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы 10 қаңтарға дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14876651