Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығында директорлар кеңесінің отырысы өтті

28-12-2023, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Жиында Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының биылғы жылғы қызметінің қорытындысы қаралды. Кездесуге қатысушылар Орталықтың 2024 жылғы даму перспективаларын, оның ішінде алдағы жоспарларды, тәуекелдерді басқаруды, ұйымның аудит және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесін талқылады.

Ұлттық экономика вице-министрі – «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Бауыржан Құдайбергенов тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу мен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

-Жалпы, инвестиция мен кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін мемлекеттік және жеке меншік секторлар арасындағы ынтымақтастықты күшейту қажет. Ол үшін бізде барлық қажетті құралдар бар, - деп атап өтті Б.Құдайбергенов.

Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша елімізде 1086 МЖӘ (мемлекеттік-жекешелік әріптестік) шарты жасалды:

қолданыстағы жобалар – 796

республикалық деңгейде – 15

жергілікті деңгейде – 781

іске асырылды – 290

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив