ТЖМ азаматтарды жаңа жылдық іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады
Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.
Біріншіден, ұйым басшылары жаппай мерекелерді өткізу кезінде келесіні ескеруі қажет:
- кемінде екі эвакуациялық шығуы бар, терезелерінде торлар жоқ және 2-ші қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайларды ғана пайдалануға рұқсат етіледі;
- шыршаларды тұрақты негізде, бұтақтары қабырғалар мен төбеге тимейтіндей етіп, үй-жайдан шығуды қиындатпайтындай етіп орнату керек;
- иллюминацияны электр қондырғыларының техникалық нормаларын сақтай отырып орнату керек. Егер иллюминацияда ақау анықталса (сымдардың қызуы, шамдардың жыпылықтауы, ұшқынның пайда болуы) оны дереу токтан ажырату керек;
- іс-шараларды өткізу кезінде сахнада және залдарда өрт қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғалардың кезекшілігін ұйымдастыру қажет. Іс-шаралар өткізілетін залдар бастапқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш) қамтамасыз етілу керек.
Мыналарға:
- үй-жайларда өртке әкеп соғуы мүмкін отшашуларды ұйымдастыруға;
- қатарлар арасындағы жолдардың енін азайтуға және өту жолдарында қосымша орындықтар орнатуға;
- іс-шара кезінде бөлмедегі жарықты толығымен өшіруге;
- үй-жайды белгіленген нормадан артық адамдармен толтыруға қатаң түрде рұқсат етілмейді.