Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Қиын жағдайда шаруалар қолдаусыз қалған жоқ – Әлихан Смайылов

29-12-2023, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «24KZ» телеарнасына берген сұхбатында 2023 жылы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамыту және қолдау бойынша қандай жұмыстар жүргізілгені туралы айтып берді.

Осы жыл фермерлер үшін оңайға түскен жоқ. Атап айтқанда, оңтүстікте вегетациялық кезеңде жауын-шашын аз болса, солтүстік өңірлерде егін орағы кезінде ұзақ уақыт бойы жаңбыр жауды. 

«Бұл өнімділіктің төмендеуіне әсер етті. Қиын жағдайда мемлекет шаруаларды қолдаусыз қалдырған жоқ. Президент тапсырмасына сәйкес Үкімет дихандарға жан-жақты көмек көрсетуде», — деді Әлихан Смайылов. 

Атап айтқанда, Жамбыл облысы фермерлерінің 3 млрд теңге шығыны өтелді. Сондай-ақ астықты кептіру үшін жеңілдетілген бағамен дизель отыны бөлінді. «Бәйтерек» холдингі тарапынан тауар өндірушілердің қарыздарын өтеу мерзімі ұзартылды.

«Өсімдік және мал шаруашылығын субсидиялауға Үкімет резервінен 60 млрд теңге бөлінді. Оған қоса жақын арада фермерлерді қолдауға тағы да 30 млрд теңге бөлінетін болады», — деді Премьер-Министр. 

Оған қоса еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр.

«Биыл 65 сүт фермасын ашу үшін 100 млрд теңге бөлінді. Алдағы 2 жылда ішкі нарықты сүтпен толық қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ құс фабрикалары мен сақтау қоймаларын салуға келесі жылы тағы 100 млрд теңге бөлінетін болады. Бұл бізге құс еті экспортын арттыруға мүмкіндік береді», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы саласына салынған инвестициялардың жалпы көлемі 11 айда 855 млрд теңгені құрағанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артық екенін айтты.

«Азық-түлік өнімдерін өндіруге 130 млрд теңге инвестиция салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға көп. Нәтижесінде биыл елімізде 207 инвестициялық жоба іске қосылды», — деді Премьер-Министр. 

Сонымен қатар Әлихан Смайылов өткен 2 жыл ішінде мемлекет меншігіне пайдаланылмай жатқан және заң бұзушылықпен берілген 10 млн га жер қайтарылғанын айтып өтті. Қайтарылған жер бірінші кезекте дихандарға беріліп жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив