ҚТЖ жедел штабы ауа райының қолайсыздығынан жолда қалған адамдарды әкету бойынша барынша көмек көрсету туралы шешім қабылдады
Ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайларына байланысты ҚТЖ жедел штабы мүмкіндігінше басқа көлікпен кете алмаған жолаушыларды қала маңындағы пойыздарда әкету туралы шешім қабылдады. Оларға тұрып тұратын орындар ұсынылды. Көкшетау, Қарағанды, Павлодар және т. б. қалаларға жақын бағыттар бойынша Астанадан қосымша 2000 орынға дейін ұлғайтылды.
Жалпы, жаңа жылдық мерекелерге 2023 жылғы 26 желтоқсаннан 2024 жылғы 5 қаңтарға дейін қосымша пойыздар мен тіркеме вагондарды тағайындау есебінен 20 000 орынға дейін ұлғайту ұйымдастырылды.
Вокзалдар мен пойыздарда жолаушылар ағынының күрт өскенін ескере отырып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ сапарлаудан бас тартуды ұсынады және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Қолайсыз ауа-райы кезінде теміржол көлігі жолаушыларды тасымалдаудың жалғыз қол жетімді баламасы болып қала береді, өйткені автомобиль қозғалысы мен әуе қатынасы уақытша тоқтатылды. Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарындағы жол учаскелеріне шектеулер енгізілді.
Ұлттық тасымалдаушы орын алуы мүмкін ықтимал қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.