Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Антикор 2023 жылғы өзінің ең жақсы қызметкерлерін атап өтті

30-12-2023, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жеке құрамның кәсібилігін арттыруға және кадрлық әлеуетті дамытуға ерекше назар аударады.

Офицерлерді өз деңгейін көтеруге ынталандыру мақсатында өткен жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің үздік қызметкерлері атағына ішкі конкурс өткізілді.

Бұрын өткізілген өңірлік іріктеу негізінде үздік атаққа 78 адам үміткер болды.

Байқау бес номинация бойынша өткізілді, онда превенция, жедел-тергеу блогы және ұйымдастырушылық-әкімшілік бағыт бойынша ерекше көзге түскен офицерлер іріктелді.

Жұмыс нәтижелері, еңбек тәртібін сақтау, моральдық-іскерлік қасиеттер, ұжымдағы қатынастар, спорттық дайындық ескерілді.

Номинациялар бойынша жеңімпаздарды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Төрағасы Асхат Жұмағали ескерткіш мүсіншелермен және грамоталармен марапаттады. Ерекше көзге түскен қызметкерлер мерзімінен бұрын атақтарға ұсынылды.

Антикор қызметкерлеріне қойылатын негізгі талап, кәсіби біліктіліктерінен басқа, адалдық, әділдік және парасаттылық. Бұл қасиеттер адам баласында бала кезінен басталады. Мұндай қызметкерлерді тәрбиелеуде ата-аналар ерекше рөл атқарады.

«Ата-аналардың тәрбиесі қызметкерлердің мінезін, адамгершілік құндылықтарын және қоғамға қызмет етуге деген ұмтылысын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Әрбір қызметкер өз өмірін қоғамды қорғауға және қауіпсіздігіне арнап, күн сайын қиын және жауапты жұмыстарды орындайды. Әр түрлі қиындықтарға тап болады, өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан қызметкерлер үшін ата-аналарының балаларын мақтан еткені және өздерінің не істеп жатқанын түсінуі маңызды, бұл оларды одан әрі жетістіктерге шабыттандырады және абыроймен қызмет етуді жалғастыруға ынталандырады», - деді Асхат Жұмағали.

Агенттік Төрағасы конкурсқа қатысушы қызметкерлердің ата–аналарын осындай балалар тәрбиелегендері үшін жеке алғысын білдіріп, әр отбасыға атаулы алғыс хаттар жолдады.

Агенттіктің кадр саясатының негізгі факторы – меритократия қағидатын сақтау. Қызметкерлер кәсіби, іскерлік, жеке қасиеттерін және қызметтің нақты нәтижелерін ескере отырып қызметке ұсынылады.

Әрбір үміткер Жеке қауіпсіздік қызметімен мұқият тексеруден өтеді.

Сонымен қатар, жоғары тұрған лауазымдарға әлеуетті кандидаттар ашық конкурстық іріктеуден өтеді. 2023 жылы басшы лауазымдарға барлығы 128 қызметкер тағайындалды.

Бұдан басқа, жоспарлы орын ауыстыру, біліктілікті арттыру және қызмет мүддесі үшін кәсіби әлеуетті неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында Антикор өңірлік департаменттерінің басшы құрамын ротациялауды жүргізуде.

Ашықтық пен халықпен кері байланысты қамтамасыз ету үшін аумақтық бөлімшелердің бірінші басшылары Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшаларын жүргізеді.

Сондай-ақ, Агенттік жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте одан әрі жұмыс істеу үшін құқық қорғау органдары академиясына тыңдаушыларды қабылдайды.

Қазіргі уақытта 96 түлек аймақтық бөлімшелердегі офицерлік лауазымдарға жұмысқа орналастырылды, тағы 50 тыңдаушы жарты жылдық оқуды бастады.

Қолданыстағы қабылдау жүйесі тиісті біліктілігі мен білімі бар кез келген адал, парасатты адамға Агенттік қатарына қосылуға және жемқорлыққа қарсы күреске өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив