Жаңасемей аудандық мәслихаты ресми түрде құрылды
Бүгін Семей қаласы мәслихатының кезектен тыс XVIII сессиясы өтті. Күн тәртібінде аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттарын бөлу, Жаңасемей аудандық мәслихатының сессиясын өткізу барысы қаралды.
Сессия отырысына Семей қаласының әкімі Н. Нұрсағатов, қалалық мәслихат төрағасы Д. Шәкәрімов, «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы С. Ысқақов, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес Жаңасемей аудандық мәслихаты құрылып, оның депутаттары анықталды. Олардың қатарында: Оралбек Адлет Оралбекұлы, Абильмажинов Ермек Толегенович, Ыкыбаев Дастан Кадырбекович, Казанбекова Тогжан Кумаровна бар.
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа құрамды құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, Жаңасемей ауданы мәслихатының алғашқы сессиясы 6 қаңтар күніне белгіленді.